Димаш Сербияда мәртебелі марапатқа ие болды

Әнші, Димаш, Сербия, Karić brothers award, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 09:28 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әлемге аты әйгілі әнші Димаш Құдайберген Сербиядағы концерті кезінде Karić brothers award сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде сүйіншіледі. Димаш Құдайберген орден таққан суретін жариялады.

"Бүгін Сербияның Белград қаласында Karić brothers award сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады", – деп жазды Димаш Құдайберген.

Өнерпаздың жазуынша, бұған дейін Карич қорының сыйлығы Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Назарбаев, кинорежиссер Е. Кустурица, теннисші Новак Джокович сынды танымал тұлғаларға берілген.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: