Жаңалықтар тізбегі
0

2024 жылдың ең сәнді түстері белгілі болды

2024 жылдың ең сәнді түстері белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2024 09:51 Сурет: freepik
Ресейлік стилист Анна Скороходова биылғы жылы ең сәнді түс бозғылт көк болып саналатынын айтты. Бұл әсіресе көктем мен жаз мезгілінде ажарыңызды аша түспек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, оның пікірінше, шабдалы мен лаванда түстері де маңызды реңктердің қатарына кіреді. Бұл туралы сәнгер "Мәскеу 24"сұхбатында айтты.

Жасыл реңктер де өзекті. Маман, атап айтқанда, шөпті және "зәйтүн бұтағы" түстес киімдер көркіңізге көрік қосатынына сенімді. Оның бірден-бір себебі, мұндай түстердің киімдерін күнделікті киюге болады.

"Биылғы жылы тағы бір сәнді реңк- сүтке қосылған балдың көрінісі. Сұйылтылған сары түс лаконикалық ақ кроссовкалармен, бейсбол бас киімімен және классикалық форматтағы сөмкемен үйлесім таппақ. Осы реңктің көмегімен сіз монохромды костюмдерден бастап футболкаға дейін әртүрлі композиция жасай аласыз".Анна Скороходова

Шие мен бордо биыл да өзекті болады.

"Тағы бір тренд түсі – металл. Мен оны сөмке немесе аяқ киім форматында біріктіруді ұсынамын. Олар жарқын екпінге береді. Бірақ бұл жарқын, таңқаларлық және күнделікті киюге емес, салтанатты іс – шараға қолайлы", - деп қорытындылады стилист.

Бұрын біз әйелдер киіміндегі негізгі трендтер мен түстер туралы жазған болатынбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: