Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының отырысында түркі тілдерінің әліпби үлгісі мақұлданды

Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының отырысы, түркі тілдеріне ортақ әліпби  , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 19:42 Сурет: Facebook/Түркі Академиясы
2024 жылдың 11 қыркүйегінде Бакуде Халықаралық Түркі академиясы мен Түрік тілі қоғамы бірлесіп ұйымдастырған Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысы нәтижелі өтті. Онда 34 әріптен тұратын түркі тілдеріне ортақ әліпби нұсқасы таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық Түркі академиясының мәліметінше, аталған жиынның негізгі мақсаты – екі жылдық бірлескен жұмыс нәтижесінде жинақталған білім мен тәжірибені пайдалана отырып, түркі тілдеріне ортақ әліпби үлгісін әзірлеу болды. 

"Жиында 1991 жылы ұсынылған латын қарпі негізіндегі "Ортақ түркі әліпбиі" жобасы қарастырылып, 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі келісілді. Әр әріп түркі тілдерінде кездесетін әртүрлі фонетикалық дыбысты білдіреді. Ортақ түркі әліпбиінің дамуы түркі халықтарының тілдік мұраларын сақтай отырып, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етеді", делінген академия хабарламасында.

Айта кетсек, Халықаралық Түркі академиясына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия кіреді. Ал Өзбекстан мен Мажарстан - бақылаушы елдер қатарында. 

Айта кетсек, бүгін, 11 қыркүйекте Мемлекет басшысы Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: