Күйсандық шебері Жанар Сүлейманова Лондондағы беделді байқауда бірінші орын иеленді

Пианист, күйсандық, Жанар Сүлейманова, Лондон, халықаралық байқау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2024 21:42 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисі (пианист) Жанар Сүлейманова Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен World talent award халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шеберлік пен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсеткен ол 71 мемлекеттен қатысқан өнерпаздардың арасынан үздік шықты.

Жанар Сүлейманова — АҚШ, Италия және Франциядағы халықаралық байқаулардың лауреаты. Концерттік қызметі жылдарында жүздеген концерттер берді. Олардың ішінде әр түрлі бағдарламалары мен репертуарларымен 130-дан астам клавирабендтер бар. Пианист халықаралық аренада, атап айтқанда, Ресейде, Италияда, Германияда, АҚШ-та және басқа да көптеген елдерде гастрольдік сапарларға шығып, Қазақстанды әлемге таныстырып жүр.

GOLDEN TIME TALENT – шығармашылық топтар мен жеке орындаушыларға арналған халықаралық байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыруда әлемдік көшбасшы жоба. Әлемнің түкпір-түкпірінен суретшілер, музыканттар, вокалистер, бишілер сынды өнерпаздарды жинап, бақ сынасатын өнер сайысы биыл төртінші рет өткізіліп отыр.

Бұған дейін Лондондағы "World talent award" халықаралық байқауында Жанат Ерманов та бірінші орын алғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: