"Қазақфильмнің" жабылып қалу қаупі бар ма - Балаева жауап берді

"Қазақфильмнің" жабылып қалу қаупі бар ма - Балаева жауап берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2024 15:51 Сурет: Facebook/Kazakfilmstudios.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2024 жылғы 13 қарашада мәжіліс аясында "Қазақфильм" киностудиясының тағдыры туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер министрден студияның жабылу қаупі бар-жоғын сұрады.

"Әрине, жоқ. Мен министр ретінде мұны ресми түрде жариялаймын. Бұл біздің тарихымыз. Кино мен кинематографияның дамуы "Қазақфильммен" тікелей байланысты. Оны сақтау және дамыту біздің ұрпақтық міндетіміз", — деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, компанияны қаржыландыру тетіктерін бекітетін заңдарға түзетулер дайындалуда.

"Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақфильмді" тікелей қаржыландыруға құқықтық негіздері жоқ. Сондықтан қазір біз нақты шаралар дайындап жатырмыз. Біріншіден, бұл мәселені заңнамалық деңгейде реттеу. Яғни, заңға "Қазақфильмнің" мемлекеттік тапсырмалар арқылы, жекелеген тетіктер арқылы тікелей қаржыландыруға құқығы бар норма енгізіледі", – деп түсіндірді министр.

Бұған дейін Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Рысқұлов даңғылы, 101Б мекенжайында орналасқан жер учаскесі мен бұрынғы "Қазкино" кешенін сату туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: