Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы телехикая көрсетіледі

Жаңа фильм жарыққа шығады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 13:31 Сурет: НТК телеарнасы
"Шыда" телехикаясы – тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдердің құқықтарын шектеу сынды қазіргі қоғамның өзекті мәселелеріне қарсы тұратын әсерлі драма.

Бұл әйелдің бақытқа, өзімен үйлесімді тыныш өмірге апаратын қиын жолы туралы туынды.

25 жастағы Айша бақытты армандап, махаббат жетегімен ерте келін атанады. Алайда тағдыр оған басқа жолды дайындап қойған еді. Оның күйеуі оған физикалық және эмоционалды түрде қорлық көрсететін тиран болса, күйеуінің ата-анасы Айшаға қорғансыз құл сияқты қарайды.

Жаңа телехикая жарыққа шығады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 13:31

Сурет: НТК телеарнасы

"Қайтып келген қыз жаман" қағидаты бойынша тәрбиеленген Айша өзінің жағдайын жақсартуға үміттеніп, барлық қорлыққа төзеді. Бірақ адам төзгісіз күй кешкенде үйіне оралмақ болады. Өкінішке қарай, қиын сәтте анасы қолдау көрсетпей, Айша күйеуіне қайта оралып, жағдай одан сайын ушыға түседі.

"Шыда" телехикаясы – тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдердің құқықтарын шектеу сынды қазіргі қоғамның өзекті мәселелеріне қарсы тұратын әсерлі драма. , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 13:31

Сурет: НТК телеарнасы

Кейіннен үйдегі озбырлық пен қорлыққа шыдай алмай, Айша кішкентай ұлын өзімен бірге алып кетіп, жаңа өмір бастауға тырысады. Бас кейіпкер жұмысқа орналасып, онда ол өзін бақытты ете алатын жанды жолықтырады. Бірақ азап пен сатқындықты бастан өткерген Айша жаңа қарым-қатынасқа түсуден қорқады.

Жаңа телехикая жарыққа шығады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 13:31

Сурет: НТК телеарнасы

Қайсарлық пен бақыт жолындағы ізденіс, өзіңе деген сыйластық пен махаббатқа деген құлшыныс туралы телехикаяны талантты режиссер Дәулет Бекмағамбетов түсірген. Бұған дейін ол көрерменнің көзайымына айналған "III интернационал" сериалымен көпке таныс. Жаңа туындыда оның алдында басты міндет – зорлық-зомбылық шырмауынан құтылу және өзін-өзі танудың маңызын көрсету мінденті тұрды.

"Шыда" телехикаясы – тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдердің құқықтарын шектеу сынды қазіргі қоғамның өзекті мәселелеріне қарсы тұратын әсерлі драма. , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 13:31

Сурет: НТК телеарнасы

Ал дәл осындай маңызды әлеуметтік тақырыпты көтеру үшін телехикяға Меруерт Құлсартова, Қуаныш Құдайберген, Альмира Ысқақова, Дамир Мәдиев, Шахризада Серікова, Лиза Серікова, Жомарт Зейнабил, Самал Нұрбаева, Кенжебек Башаров, Ералы Пирмағанбет, Айым Бақытжанқызы және Қуаныш Бейсағалиев сияқты танымал актерлер шақыртылды.

Телехикая Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілді.

Сериалдың премьерасы 2024 жылдың 25 қарашасында НТК телеарнасында сағат 17.10-да өтеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: