Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегеноваға күтпеген жерден тосын сый жасады
Сурет: akorda.kz
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің кезекті марапатын аты аңызға айналған опера әншісі, КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арнады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әнші 28 қарашада Instagram-дағы ресми аккаунтында хабарлады.
"Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған кезекті марапатымды алдағы келе жатқан 95 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында, сіздің құрметіңізге арнауға рұқсат етіңіз. Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін. Құрметті жерлестер! Шын жүректен барлық құттықтауларыңызға көп рахмет айтқым келеді. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!",- деп жазды ол.
Айта кетейік, 28 қарашада Димаш Құдайберген Дубайда (БАӘ) DIAFA сыйлығын алды.
Сондай-ақ, 18 қарашада Бибігүл Төлегенова 95 жасын "Астана Опера" сахнасында атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript