XVII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

XVII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2024 15:19 Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Алматыда өткізілген XVII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі аяқталды. Бір апта бойы көрермендер 30-дан астам фильмді тамашалады. Оның 22-сі байқау бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

XVII халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің жеңімпаздары: 

NETPAC әділ қазыларының жүлдесі "Белгісіз елге" фильмі, режиссері Махди Флейфель;

Халықаралық байқау қазылар алқасының төрағасы Нури Бильге Джейланға "Әлемдік кинематографияға қосқан ерекше үлесі үшін" сыйлығы берілді;

Белгілі қазақстандық актер Досхан Жолжақсынов "Қазақстан кинематографиясына қосқан ерекше үлесі үшін" марапатталды.

Халықаралық байқау:

  • Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Флорентина Хольциенгер, "Ай" (Moon), Аустрия; 
  • Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Артур Пачесный, "Жоқтың қасы" (Next to Nothing), Польша;
  • Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – "Нирвана" (Nirvana) фильмі, режиссері Асиф Ислам, Бангладеш;
  • Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Джун Мин О, "Жыл маусымдары үйі" (House of the Seasons), Оңтүстік Корея;
  • Үздік фильм үшін гран-при – "Жоқтың қасы" (Next to Nothing), Польша, режиссері Гжегож Дебовски.

Орталық Азия және Түркі әлемі елдерінің байқауы:

  • Ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін жүлде – Эльза Каримова, "Ғашықтар тауы" (The Lovers’ Mountain), Татарстан;
  • Ең үздік ер рөлін сомдағаны үшін жүлде – Абылай Марат, "Шекарадағы мәміле" (Deal at the Border), Қырғызстан;
  • Қазылар алқасының арнайы жүлдесі – "Хемме өлетін күндердің бірінде" (One of the Days When Hemme Dies) фильмі, Түркия;
  • Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде – Аруан Анартай, "Жоқтау" (Joqtau), Қазақстан;
  • Үздік фильм үшін гран-при – "Ақ тырналар билейтін жерде" (Where the White Cranes Dance), Саха Республикасы (Ресей).
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: