Көп балалы Әбдікәрімова балаларды үйде қараусыз қалдыруға тыйым салу туралы ұсынысты қолдады
Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиевамен кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол 2 желтоқсанда Instagram-да жазды.
Әбдікәрімова алдымен ана ретінде ол үшін балаларға қатысты барлық тақырып өте маңызды екенін атап өтті. Закиевамен бірге мазалап жүрген, ойландыратын, алаңдататын біраз тақырыпты сөз еткенін айтты. Мәселен:
- Кәмілет жасына толмаған балалардың фото-видеоларын қолдану арқылы қайырымдылық қорларының қаражат жинауына тыйм салу;
- Жасөспірімдерді қолдау жолында сенім телефонынан бөлек бірнеше тетік, алаң ұсыну;
- Елдегі балалар, жасөспірімдер контентін қолға алу; (жалғыз "Балапан" арнасы бар. Көрермені 0+6 жас аралығы)
- Қазір "Профессиональная ориентация" бағытын бизнеске айналдырып алған жекеменшік кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан шұғыл бақылауға алу.
Оның айтуынша, Динара Болатқызының елдегі барлық өңірлерде қамқоршылық органдары қызметкерлерінің санын көбейтуді талап етуі маңызды бастама болды. Бұл қадам балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға зор ықпал етеді.
Мұнымен қоса, 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға болмайтындығын заңмен талап ету мәселесін қолдайтындығын да жеткізді.
Бұған дейін Қазақстанда 12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салу ұсынылғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript