Ұлттық қор – балаларға: "Отбасы банк" басшысы қаражатты қандай мақсатта жұмсауға болатынын айтты

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 11:09
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қараша күні "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңына қол қойды.

Астанадағы орталық коммуникациялар алаңында өткен жиын барысында "Отбасы банк" Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Қазақстанда екі тарихи оқиға тұспа-тұс келгенін атап өтті: 20 миллионыншы азаматтың дүниеге келуі және Президенттің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға қаражат аударуды қамтамасыз ететін заңға қол қоюы.

"Заң– 18 жасқа дейінгі балаларға Ұлттық қордан төлем қарастыруды көздейді. Бұл қаржы әрбір баланың арнайы шотына аударылады. Жобаны іске асыру 2024 жылдың қаңтарынан басталады, алғашқы қаражат 2024 жылдың ақпан айында түседі. Бұл қаржыны болашақта тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсауға болады", – деді ол.

Отбасы банк "Ұлттық қор – балаларға" жобасы операторларының бірі саналады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 11:09

Сурет: ОКҚ

"Президент азаматтарымызды, әсіресе балаларды, олардың болашағын қолдай отырып, тиісті заңға қол қойды, соның шеңберінде БЖЗҚ-да 18 жасқа дейінгі мақсатты жинақтарға арналған шот ашылады. Әр бала жыл сайын түсетін соманы көріп отырады, Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы Қазақстанның барлық баласына теңдей бөлінеді. Ол үшін ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ. Мәліметтер мемлекеттік органдардың деректер базасынан алынып, кәмелетке толмаған қазақстандықтарға есепшот ашылады", – деп түсіндірді Отбасы банк басшысы.

Ләззат Ибрагимова бір жыл бұрын, яғни заңға осы түзетулерді әзірлей бастағанда, елімізде 6,7 миллион бала болғанын, қазір бала саны 7 миллионға жеткенін атап өтті.

"Ақпан айында түсуі мүмкін сома бала санына қарай өзгеріп отырады", – деді спикерлер.

Келесі жылдың басында 18 жасқа толғандар бұл қаржыны пайдалана алады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 11:09

Сурет: ОКҚ

"Ақпан айынан бастап enpf-otbasy.kz платформасында бөлек парақша іске қосылады. ЭЦҚ арқылы сол платформаға тіркеліп, арнайы шот ашып, бұл қаржыны БЖЗҚ-дан "Отбасы банкке" аударуға болады. Сонан соң оны екі мақсатта – тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсауға болады. Осы бағыттар аясында депозит ашып, қаржыны сонда аударуға мүмкіндік бар. Аталмыш қаражат болашақта мемлекеттік білім беру жүйесіне қатысады. Мұндай мүмкіндік бірінші рет беріліп отыр", – деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, "Отбасы банк" келесі жылдан бастап қазақстандықтарға жаңа өнім – білім депозитін ұсынады.

"Баспана мен білім алу әр бір отбасын мазалайтын екі маңызды дүние деуге болады. Бізде 3 жылдық, 7 жылдық, 10 жылдық депозиттер болады, мерзіміне қарай оларға айтарлықтай жоғары сыйақы мөлшерлемесі есептеледі. Бұдан бөлек, мемлекеттік сыйлықақы қолданылады", – дейді банк жетекшісі.

Жалпы алғанда, Ләззат Ибрагимованың айтуынша, "Отбасы банкте" балаларға ашылған 300 мыңға жуық депозит бар. Оның ішінде бес жасқа толмаған балаларға 50 мыңнан астам депозит ашылған. Ең кішкентай салымшылардың аттарында 12 700 жинақ шоты жұмыс істеп тұр, олар әлі жасқа да толмаған.

Бұл ретте "Отбасы банк" басшысы балаларға арналған депозитті көбіне Шымкент, Алматы және Астана қаласының тұрғындары ашатынын атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 11:09

Сурет: "Отбасы банктің" баспасөз қызметі

Бүгін "Отбасы банктің" қызметкерлері Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келіп, Қазақстанның 20 миллионыншы азаматы атанған балалардың ата-аналарына депозит ашуға мүмкіндік беретін сертификаттарды табыс етті. Сыйлық ретінде жүретін сертификаттардың номиналды құны – 2 млн теңге. Жаңа туған нәрестелердің ата-анасы оны 3 ай ішінде өзі тұратын қаладағы банк бөлімшелерінде қолдана алады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 11:09

Сурет: "Отбасы банктің" баспасөз қызметі

"Біздің сыйлық сертификатымыз – жай ғана сыйлық емес, бүгіннен бастап бүлдіршіндеріміздің болашағының іргетасын қалауға берілген мүмкіндік. Бұл қаражат – дүние есігін енді ашқан азаматтарымыздың баспаналы болуына жасалған алғашқы қадам. Кішкентай қазақстандықтарға бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ тілеймін! Ал "Отбасы банк" сіздерге тұрғын үй мәселесін шешуде қолдау көрсетуге дайын", – деп түйіндеді сөзін "Отбасы банктің" Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында арнайы шоттарға жиналған қаражатты оқуға немесе баспана сатып алуға жұмсауға болатынын айтты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: