Материалдарды пайдалану шарттары

Zakon.kz ақпараттық-коммуникациялық платформасының барлық келушілерінің назарына.

Zakon.kz АКП иесі - "ЮрИнфо компаниясы" ЖШС. ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті берген 06.05.2016 жылғы 15989-СИ БАҚ куәлігі.

1. Zakon.kz АКП-да жарияланған барлық жаңалық хабарламалар, аналитикалық мақалалар, сарапшылардың пікірлері бар бағандар, фотосуреттер, иллюстрациялар, бейнематериалдар, аудиожазбалар және басқалар Материалдар деп аталады.

1.1 Барлық Материалдарға авторлық құқық меншік иесі Zakon.kz АКП-на тиесілі.

1.2. Материалдар кез келген БАҚ-та, Интернет-серверлерінде немесе басқа ақпарат құралдарында материалдың үштен бірінен аспайтын көлемде, онда баяндалған мағынасын сақтай отырып және міндетті түрде Zakon.kz сайтындағы бастапқы бетке гиперсілтемемен көшіруге, қайта басып шығаруға немесе қайта трансляциялауға болады. Zakon.kz АКП Материалына гиперсілтеме алынған материалдың бірінші немесе екінші сөйлеміне орналастырылуы керек.

1.3 Zakon.kz АКП фото және бейне материалдарын пайдалану оның ішінде көшіру, тарату немесе жариялау копирайт белгісімен және құқық иесінің нұсқауымен, сондай-ақ ақпараттың бастапқы көзіне сілтемемен сүйемелденуге тиіс. Әр Материалдан 3 фотосуреттен артық пайдалануға рұқсат етілмейді.

1.4 Zakon.kz АКП-ның иесі Материалдарды қайта басып шығару және қайта тарату шарттарын кез келген уақытта және себепсіз өзгертуге, сондай-ақ осындай келушілердің тізімін орналастыру арқылы Материалдарды бір немесе бірнеше келушілерге кез келген пайдалануды толығымен шектеуге немесе тыйым салуға құқылы.

2. Zakon.kz АКП-ны қолдану Келушінің сайтқа кіруі оның осы Қағидалардың барлық шарттарын қабылдайтынын және сақтауға міндеттелетінін білдіреді. Қарсы жағдайда, Келуші Zakon.kz АКП-ны пайдаланудан бас тартуы тиіс.

2.1. Осы Ережелерді білмеу оларды орындау қажеттілігінен және жауапкершіліктен босатпайды.

2.2. Сайтта үшінші тараптың интернет-ресурстарына сілтемелер бар. Осындай сілтемелер бойынша өтуді жүзеге асыра отырып, Келуші салдары үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Келуші Zakon.kz АКП-ның иесі үшінші тарап ресурстарының қол жетімділігі мен олардың мазмұны үшін, сондай-ақ үшінші тарап ресурстарына көшуге байланысты кез келген салдарлар үшін жауапкершілік көтермейтінімен келіседі.

2.3. Келуші Zakon.kz АКП иесіне Келушінің жеке деректеріне қатысты ақпаратты жинауға (өңдеуге) сөзсіз келісімін береді. Бұл ретте иеленуші Келуші ұсынған жеке деректерге қатысты құпиялылықты сақтау міндетін өзіне алады.

2.4. Zakon.kz АКП-да орналастырылған материалдар авторларының пікірі платформа иесінің пікірі мен ұстанымына сәйкес келмеуі мүмкін.

3. Zakon.kz АКП Келушісі белгілі бір әрекеттерді жасаған кезде ол хабарламаларды автоматты түрде жіберуге жазыла алады.

3.1. Бұл сілтеме Келушіге Zakon.kz АКП функционалындағы жаңа Материалдар мен өзгерістер туралы хабарлау үшін ғана қызмет етеді.

3.2. Егер Келуші автоматты түрде хабарлама алғысы келмесе, ол кез келген уақытта бұл қызметті ажыратуға құқылы.

4. Материалдарды заңсыз пайдаланған Zakon.kz АКП –ның Келушілері Материалдарды рұқсатсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз бетінше және өз есебінен жауапты болады (Zakon.kz АКП меншік иесінің қатысуынсыз).

4.1. Zakon.kz АКП иесі Келушіге үшінші тұлғалар келтірген зиян үшін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық платформа және / немесе оның мүмкіндіктерін пайдалану үшін жауапкершілік артпайды.

4.2. Zakon.kz АКП иесі өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін кез келген заңды тәсілдермен, соның ішінде сот тәртібімен қорғау құқығын өзіне қалдырады.

5. Осы Ережені Zakon.kz АКП меншік иесі кез келген уақытта ескертусіз өзгерте алады. Ереженің жаңа редакциясы Zakon.kz АКП- да жарияланған сәттен бастап, ағымдағы күнді көрсете отырып күшіне енеді.