Президент Алматы облысында медициналық инфрақұрылымды дамытуды тапсырды
Сурет: primeminister.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары барысында өңірде медициналық орталықтар салу бірінші кезектегі міндеттердің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінде облыста 396 денсаулық сақтау мекемесі бар.
Өңірде үш жылдың ішінде 38 емдеу орны салынады. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз.Қазір облыс тұрғындары дәрігерге қаралу үшін көбіне Алматыға барады. Сондықтан, денсаулық сақтау мекемелерінің тапшылығы қатты сезілмей отыр. Бірақ, қаланың мүмкіндігі шексіз емес. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Шаһардың медицина инфрақұрылымы шамадан тыс жұмыс істеп жатқаны белгілі. Осы орайда Президент облыс әкімдігіне қай жерге қанша емдеу мекемесі қажет екенін мұқият зерделеуді тапсырды. Содан соң үкімет нақты шаралар қабылдайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript