V-XIII ғасырлар аралығындағы көне монеталарды Қазақстаннан АҚШ-қа заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, көне монета, контрабанда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 12:33 Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ббаспасөз қызметі
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Алматы әуежайындағы халықаралық почта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде көне монеталарды Қазақстаннан АҚШ-қа заңсыз әкетпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, құжаттарға арналған қаптама қапшығының қабырғаларында монеталарды жасыру фактісін кеден қызметкерлері 22 қаңтар күні қондырғының рентгенографиясын пайдалана отырып, сканерлеу барысында анықтады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, контарбанда, көне монета, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 12:33

Сурет: Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 

Ұсталған монеталар V-XIII ғасырлар аралығында Орта Азия аумағында монета әдісімен жасалған және тарихи құндылыққа ие.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 12:33

Сурет: Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 

"Табылған заттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елден әкету міндетті декларациялауға жататын және уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда ғана мүмкін болатын мәдени және тарихи құндылықтар санатына жатады".Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дәурен Мұстафин

Ведомство өкілдерінің хабарауынша, қазіргі уақытта анықталған факт бойынша алынған заттар мен материалдар сарапшыларға берілді, олар қорытындыдан кейін монеталарды әкетуге әрекет жасаған адамға қатысты тиісті процестік шешім қабылдайтын болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, көне монета, конрабанда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 12:33

Сурет: Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Айта кету керек, соңғы уақытта тыйым салынған тауарларды контрабандалық жолмен әкелу үшін пошта жөнелтілімдерінің арнасы көбірек қолданылуда.

Тек 2022 жылы Алматы қаласының әуежайында айналымға тыйым салынған тауарларды, оның ішінде есірткі және психотроптық заттарды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді кедендік шекара арқылы өткізудің ондаған жағдайлары тоқтатылды.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: