Абай облысында қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдай қандай

Абай облысында қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдай қандай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 12:27 Сурет: pixabay
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің дерегінше, Абай облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Биыл Абай облысында қызылша ауруының 71 расталған жағдайы тіркелді.

"Науқастардың жалпы санының 76%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Тіркелген қызылша жағдайларының жалпы санының 77,4%-ы – вакцинацияланбағандар. Оның ішінде науқастардың 38%-ы – ата-аналары екпе алудан бас тартқан және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар екпе алмаған балалар. 22,5%-ында алған екпе туралы мәліметтері жоқ, ал 16,9%-ы – егу жасына толмаған балалар", - делінген хабарламада.

Халық арасында сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2023 жылғы 1 қарашада "Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы" ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 7 қаулысы бекітілді. Осы қаулыға сай 6 қарашадан бастап ҚР аумағында, оның ішінде Абай облысында қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 6 айдан 10 ай 29 күн аралығындағы балаларға қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу басталды. Ал 5 желтоқсаннан бастап 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға егілетін адамның немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің) хабардар етілген келісімін алғаннан кейін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізіледі.

"Вакцинация тұрғылықты жері бойынша облыстың емханаларының барлық егу кабинетінде тегін жүргізіледі. Қызылшаны емдеудің тиімді және арнайы әдісі жоқ. Есте болсын, вакцинация – баланы қызылшадан қорғаудың ең сенімді әдісі, қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауға шақырамыз!" - деп ескертті дәрігерлер.

Қызылша – қызба, интоксикация, папулезды бөртпенің кезең-кезеңімен пайда болуымен, конъюнктиваның және жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын жіті инфекциялық жоғары контагиозды вирустық ауру.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: