Мамандар екпе алмаған балалардың балабақшаға баруын шектеуді қолдамайды
Сурет: pixabay
Үкіметте өткен брифингте Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Олжабаев қызылшаға қарсы екпе алмаған балалардың балабақшаға баруына шектеу қоюға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұрқан Олжабаев Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы және қызылшаға қарсы екпе алмаған балалардың балабақшаға баруын шектейтін қаулы жоқ екенін мәлімдеді.
"Біздің қазір бар бұйрық бойынша топтардағы екпе алмаған балалардың үлесі 10%-дан аспауы керек. Басқа бұйрық жоқ. Ол 2020 жылы "Халық денсаулығы туралы" кодексті енгізу барысында қабылданған. Екпе салу ерікті. Біз оған ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Иә, шынында да көрсеткіш бар - топтағы вакцинацияланбаған балалардың саны 10%-ынан аспауы керек, бірақ басқа қатаң шаралар жоқ", - деді ол.
Төраға орынбасары Зәуре Ахметова қызылшаның вакцина арқылы алдын алуға болатын инфекция екенін, сондықтан бүгінге дейін шектеу шаралары енгізілмегенін және енгізу жоспарланбағанын айтты.
"Біз жағдайды бақылап отырмыз. Егер кез келген ұйымдасқан балалар тобында сырқаттану деңгейі жоғарылағанын және вакцинацияланбаған балалардың саны рұқсат етілген шекті деңгейден асып кеткенін байқасақ, онда сол мейлі мектепке дейінгі ұйым болсын, мектеп, университет немесе колледж, әр ұйым үшін жеке-жеке шаралар қабылданады", - деп сендірді ол.
Зәура Ахметова қызылшамен жансақтау бөлімінде жатқан 30 баланың жағдайына да тоқталды.
"Ел бойынша қызылшамен ауыратын науқастарға 3,5 мың төсек-орын бөлінді. Бүгінде олардың 59,5%-ы (5375 орын) қамтылған. Реанимацияда 30 бала жатыр. Оның 15-і бір жасқа толмаған балалар", - деді Зәуре Ахметова.
28 қарашада Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшамен ауырған 17 мыңнан астам адам тіркелгенін хабарлады. Олардың 82%-дан астамы - балалар. Оның 83%-ы екпе алмаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript