Талғарда мас адам жолда тұрған автобусты айдап кетіп, жол апатын жасады

Алматы облысы, мас адам, Талғар ауданы, қоғамдық көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2023 16:39 Сурет: Zakon.kz
Талғарда Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында мас ер адам қоғамдық көлікті айдап кетіп, аялдамаға, сонан соң тұрақта тұрған көлікке соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегі хабарлама авторының айтуынша, бұл жағдай автобус жүргізуші дәретханаға кеткен кезде болған.

Сондай-ақ хабарламада мас адам қоғамдық көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтіні айтылған: сол күні ол демалыста болған.

Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі осы оқиғаға түсініктеме берді.

"2023 жылғы 25 желтоқсанда Талғар аудандық полиция бөліміне Талғар қаласының көшелерінің біріндегі аялдамада белгісіз біреулер маршруттық автобусты ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп, бұл факт аудандық ішкі істер органдарына  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Талғар ауданының полицейлері "Ұстау" жоспары бойынша 40 жастағы күдіктіні ұстады.

Алматы облысы полиция департаменті қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: