Бурабайда сегіз көлік бір-біріне соғылды
Сурет: phxere
Бурабай курорт аумағында сегіз көліктің қатысуымен жол-көлік апаты болды. Осыған байланысты полицейлер жүргізушілерден белгіленген жылдамдықты сақтауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бурабай ауданының кезекші бөліміне Астана – Петропавл тас жолында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болғаны жайында ақпарат түскен. Оқыс жағдай ақылы терминалдан 10-15 шақырым жерде болған.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары Астана бағытында кетіп бара жатқан тіркемесі бар КамАЗбен келе жатқан 31 жастағы жүргізуші жол және метеорологиялық жағдайды ескермей, Toyota Camry көлігіне соғылғанын анықтыды.
Соқтығыс салдарынан тағы үш КамАЗ және үш жеңіл көлік механикалық зақымданған.
"Соқтығыс салдарынан жеңіл көліктің екі жолаушысы мен КамАЗ жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы дене жарақаттарын алғаны туралы шағымданған жоқ". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript