Жамбыл облысында шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысы, қызметтік жалғандық, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 10:58 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының прокурорлары Байзақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі қызметкерінің қызмет бабында жалған құжат жасағанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Жамбыл облысының прокуратурасы 2023 жылғы 28 желтоқсан күні мәлім етті.

"Байзақ ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің жұмысшысының ауыл шаруашылығы мақсатындағы 500 га жер учаскелерін беру кезінде жалған құжат жасау фактілерін анықтады", – делінген хабарламада.

Сонымен бірге конкурс қорытындысы бойынша лауазымды адам учаскелердің орналасқан жері туралы мәліметтерге заңсыз өзгерістер енгізген.

"Бұл фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-бөлігі (қызметтік жалғандық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол сотқа жіберілді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 300 га астам жер учаскелері мемлекетке қайтарылды".Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Прокуратура қалғаны бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: