Қарағанды ​​облысының экс-полицейіне іздеу жарияланды

Қарағанды облысы ПД, майнинг, полицей, іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2023 14:47 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды ​​облысының полиция департаменті Тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеевке майнинг құрылғыларын ұрлау ісі бойынша іздеу жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы "Қылмыскерлерді іздеу" деректер базасында жарияланған.

2023 жылдың 29 желтоқсанындағы мәлімет бойынша Құлкеевке іздеу жарияланғалы 28 күн болған.

2023 жылғы 27 қарашада Қарағанды ​​облысының полициясы Құлкеев пен тергеуші Қанатов қылмыстық іс бойынша тәркіленген майнинг техникасын ұрлады және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінгенін хабарлады.





Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: