Каспий теңізі аумағында екі рет жер сілкінісі болды
Сурет: wikimedia
Каспий теңізі аумағында 2024 жылдың 19 қазанында бірден екі жер сілкінісі тіркелді. Олардың арасында шамамен жеті сағат айырма бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясының Сейсмологиялық қызметінің республикалық орталығының мәліметінше, алғашқы жер сілкінісі 3.1 баллды құрады және ол 19 қазанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 01:02-де болған. Екіншісі - 08:47 уақытында.
Екі жағдайда да жер сілкінісінің ошағы 68 шақырым тереңдікте тіркелген.
Сурет: Әзірбайжан ҰҒА Сейсмологиялық қызметі
Бұған дейін 2024 жылы 19 қазанға қараған түні Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінісі тіркелгені хабарланған болатын. Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан территориясында, Алматыдан 669 шақырым қашықтықта орналасқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript