Қарағанды облысында өрт кезінде үш бала құтқарылды
Сурет: pixabay
Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шығып, алты адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Приозерск қаласы Гвардейская көшесі бойында бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі қоқыстың тұтануынан болған.
"ТЖМ күштері баспалдақ арқылы алты адамды, оның ішінде үш баланы эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді", делінген хабарламада.
Төтеншеліктер өрт туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript