Саран қаласының әкімі мен ТКШ басқармасының басшысы жылыту жүйесіндегі ақаулық үшін жазаланды

Госслужба, планшеты, детали, заседание, совещание, зал заседаний, государственная служба, госслужащие , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 15:43 Фото: senate.parlam.kz
Қазан айында Саран қаласында орталық жылу көзінің жұмысында ақаулық орын алды. Салдарынан ондаған үй жылусыз қалды. Бүгін, 2024 жылғы 28 қазанда қаладағы жылуға жауаптылар тәртіптік жазаға тартылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алды.

Бұдан бөлек, облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланды.

Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте мәлімдеді.

"Өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, атап айтқанда, жылыту маусымына дайындықты жеткіліксіз түрде бақылағаны үшін менің бірінші орынбасарыма ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылсын. Саран қаласының әкімі мен энергетика және ТКШ басқармасының басшысына қатаң сөгіс жариялансын. Қыс мезгілінде сапалы жылумен қамтамасыз ету міндеті біз үшін басым екенін тағы да еске салғым келеді. Жұмыс тұрақты түрде жүргізілуі керек! Әр жағдай бойынша қатаң баға беріліп, жауапкершілік дәрежесі анықталады". Ермағанбет Бөлекпаев

Сондай-ақ, Саран қаласының әкімі қаладағы жылу жағдайы туралы баяндады. Оның айтуынша, барлық жергілікті қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеуде, отын қоры қамтамасыз етілген.

"Кейбір үйлер бойынша қалалық чатқа түсетін сұрақтар жедел қаралады",- деп сендірді Еркін Баулықов.

Бұған дейін Алматыда ықтимал су басып қалуды болдырмау үшін арнайы техника дайын екендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: