Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы қыздың ісі қалай жүріп жатқаны белгілі болды
Сурет: mazhilis.parlam.kz
Қарашаның 21-і күні Сенат отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қызылордалық қыздың ісінің қандай сатыда тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистердің ұсталғандар саны өзгерді ме деген сауалына Сәденов бұрынғыша деп жауап берді.
"Тоғыз қылмыстық істің бесеуін аяқтадық. Алдағы уақытта тағы бірнеше іс қозғалатын болады. Аяқтағаннан кейін барлық материалдар сотқа жолданып, оған нүкте қойылады", — деді Сәденов.
2024 жылдың 8 тамызында Қызылорда қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, есірткіге салып, азаптағанын айтқан.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жалған деректерге ие бола бастаған атышулы қылмысқа қатысты Қызылорда облысының полицейлері мәлімдеме жасады.
2024 жылдың 19 қыркүйегінде қызылордалық қыздың ісі бойынша 13 айыпталушы анықталды. Олардың 11 қамауға, ал екеуі үйқамаққа алынды.
11 қарашада Қызылорда қаласының No2 сотында бұл іс бойынша алғашқы үкім шықты: жас жігіт бопсалау үшін сотталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript