Қарағандыда төрт жасар бала құтқарылды

Құтқарушы, Қарағанды, төрт жасар бала, қамалып қалу, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2024 20:47 Сурет: видеодан алынды
Қарағанды қаласында көпқабатты үйдің алтыншы қабатында жабық пәтерде кішкентай бала қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, әжесі үйден аз ғана уақытқа кіреберіске шыққан кезде есік іштен жабылып қалған.


"Құтқарушылар дереу оқиға орнына шықты. Пәтерге кіру үшін өрт сөндірушілер автосатыны пайдаланып, бөлмеге балкон арқылы кіріп пластикалық терезені арнайы құралы арқылы ашты. Бөлмелердің бірінде шынымен бала болған. Қуанышымызға орай, төрт жасар бала медициналық көмекке мұқтаж болмады және аман-есен туыстарына тапсырылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: