Ақтөбеде үйдің ауласында үш жасар қызды қағып кетті
Фото: akorda.kz
Ақтөбеде ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Жол талғамайтын көлік үйдің ауласында үш жасар қызды қағып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
KTK мәліметінше, кішкентай қыз жолға қарай жүгіргенде алдынан "Тойота" көлігі шыға келеді. Машинаның астында сұлық жатқан қызды жүргізуші шығарып алды. Тәртіп сақшылары автокөлікті айып тұрғаны қойып, 29 жастағы көлік иесін тергеп жатыр.
Ал баланың жағдайы тым ауыр. Жамбас сүйегі сынған бүлдіршін ауруханада анасымен бірге жатыр. Тәртіп сақшылары баланың көлік астына түскен кезде ата-анасының қайда болғанын тексеріп жатыр.
Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
"Травматология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы ауыр. Қосарланған жарақат. Жабық бас жарақаты, миы шайқалған, жамбас сүйектері сынған". Қуантай Махамбетов, Ақтөбе облысы балалар ауруханасының травматолог-дәрігері
Бұған дейін Алматыда ерлі-зайыптыларды қатыгездікпен өлтіріп кеткені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript