Тойда кісі өлтірген: Астанада халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, правонарушитель в наручниках, человек в наручниках, преступник в наручниках, преступление , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 12:39 Фото: pexels
Астанада адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала полициясының ақпаратынша, "Учаске" жедел-алдын алу шарасы кезінде Астана қ. ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматын ұстады.

"2022 жылы 34 жастағы ер адам өзінің елінде тойда қонақтардың бірімен жанжалдасу кезінде оны соққыға жыққан, нәтижесінде ер адам қайтыс болды.Ер адамның пробациялық бақылауда болғаны анықталды, алайда 2023 жылы ол елден кеткен. Ағымдағы жылдың қараша айында ер адамға қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Кейін полицейлер оны елорданың сауда үйлерінің бірінен анықтап, ұстады",- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған адам Уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды, ол экстрадициялау шешімі шыққанға дейін сол жерде болады. Жақын арада ол іздеу бастамашысы – Тәжікстан Республикасының қылмыстық іздеу органына тапсырылады.

Бұған дейін Алматы полициясы айдауылдау қызметінің көлігінен қашып кеткен күдіктінің жеке басын ашқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: