Павлодар маңындағы балаларды сауықтыру лагерінен 86 бала шұғыл эвакуацияланды

Жылусыз қалу, Павлодар, Балдаурен лагері, балалар, эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2024 15:29 Сурет: freepik
2024 жылғы 7 желтоқсанда "Балдәурен" лагерінде жылу трассасында апат табылды. Температураның күрт төмендеуіне байланысты мекемедегі 86 бала мерзімінен бұрын үйлеріне жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жағдайға байланысты білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин түсініктеме берді. Ол жылу жүйесіндегі проблема 7 желтоқсанда сағат 5:30-да анықталғанын растады.

"Балдәурен" балалар лагерінде жылу трассасында апат болғаны анықталды, бұл жылу жүйесіндегі қысымның төмендеуіне әкеліп соқты. Аталған фактіні төтенше жағдайлар департаменті тіркеді. Қазіргі уақытта лагерьде болған барлық 86 бала Павлодар қаласына жеткізілді. Пайдаланылмаған демалыс күндері үшін қаражат ата-аналардың шоттарына түседі", - деп жазды Қуаныш Қыдыралин.

Оның айтуынша, мамандар іске кірісіп, ақауды жоюды қолға алған.

Павлодардан 30 шақырым жерде орналасқан сауықтыру лагеріне ата-аналарының өтініштерінен кейін балалардың құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова жоспардан тыс барды. Ол Instagram-дағы парақшасында температураның төмендеуі сияқты кейбір шағымдар расталғанын атап өтті.

"Оқу корпусы, медициналық корпус іші салқын. Жатын ғимараттар іші жылы, бірақ, балалардың айтуы бойынша, түнде салқын. Менің ойымша, жатын бөлмелерден бояудың иісі шығады", - деді Шәкенева өз жазбасында.

Сондай-ақ ол мекемеде дәрігердің орны бос тұрғанын айтты. Медициналық тексеруді болса, медбикелер жүзеге асырады екен.

"Маусым басталғалы төрт күн болды, 86 бала дәрігердің қарауынсыз болған, бақытымызға орай, ештеңе болған жоқ! "Балдәурен" сауықтыру орны Павлодар қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан. Қандай да бір себептермен жақын маңдағы елдімекен – Мичурино ауылының медициналық мекемесі бұл орталыққа қызмет көрсетпейді. Басқаша айтқанда, егер медициналық көмек қажет болса, онда тек Павлодар қаласына жүгінуге тура келеді", - деп атап өтті Шәкенева.

Лагерьдің асханасына қатысты оның ешқандай шағымы болған жоқ.

Өз кезегінде білім бөліміндегілер барлық кемшілікті жақын арада жоюға уәде берді.

Желтоқсан айынан бастап "Балдәуренде" Павлодар қаласындағы мектептердің 5-9 сыныптарының 86 оқушысы болған.

Бұған дейін Қазақстанда балалардың сауықтыру лагерьлеріне қойылатын санитарлық талаптар күшейтілгені белгілі болды. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: