Екі аурухана арасында бес сағат жүрдім: Атырауда 10 айлық бала қайтыс болды

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, детская больница, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 16:40 Фото: primeminister.kz
Атыраулық дәрігерлер қызуы көтерілген 10 айлық баланы аман алып қала алмады. Анасы немқұрайлылық танытқан дәрігерлерді кінәлауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы белсенді Нұрлан Жүнісов өзінің Facebook парақшасында айтты.

Қайтыс болған сәбидің анасының айтуынша, қызуы көтерілген баланы құшақтап ол бес сағат бойы екі аурухананың табалдырығын тоздырған.

"Баламның қызуы түнде көтеріліп бастады. Таңертең учаскелік дәрігерді шақырдым, бірақ ол келмеді. Содан кейін түскі 13:30 шамасында инфекциялық ауруханаға апардым. Ол жерде ұзын-сонар кезек болды. Баламның температурасы ол кезде 38,9-ды көрсетіп тұрды, мұны барлық дәрігерлер көрді. Сосын бізді қабылдады, баланың ішінің кеуіп тұрғанын, тіс жарып жатқанына байланысты қызуы көтеріліп тұрғанын айтты",- деді қайғыдан қан жұтып отырған ана.

Сондай-ақ, дәрігерлер әйелге облыстық ауруханаға баруды ұсынған. Алайда, ешқандай көлік немесе жедел-жәрдем қызметіне нұсқау бермеген. Осылайша, ана баласын көтеріп, екінші ауруханаға келді.

"Облыстық балалар ауруханасында баламды бірден рентгенге түсіріп, барлығы таза екенін айтты. Артынша, ішегін тексеріп, КТ түсірді. Содан кейін, саусағынан қан алды. Ол кезде балам ештеңе сезбеді. Тексерістен өткеннен кейін, дәрігер қайтадан жұқпалы аурулар ауруханасына екпе салдыруға жіберді. Ол жерге де таксимен бардым",- деді ана.

Дәрігерлер баланы қабылдап, жағдайы ауыр екенін айтқан. Сәлден кейін бірден анасын кеш әкелгені үшін кінәлай бастаған.

"Дәрігерлердің немқұрайлылығының кесірінен мен екі аурухана арасында бес сағат жүрдім. Ұлымның өліміне кінәлілер жазалансын", — деп қорытындылады анасы.

Түсініктеме алу үшін Zakon.kz тілшісі Атырау облысының облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласты, ведомство 10 айлық баланың қайтыс болу фактісін растады.

Алайда, егжей-тегжейлі ақпарат бермеді, қазіргі уақытта іс жүргізіліп жатқанын, қызметтік тексеру басталғанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: