Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды

Мұз, Теміртау, Нұра өзені, бала, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2024 19:41 Сурет: pixabay
Теміртауда 13 желтоқсанда 112 шұғыл байланыс желісіне Нұра өзені арқылы өтетін көпір аумағында мұз жарылып, баланың суға түсіп кеткені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына ТЖД құтқарушылары шұғыл келіп жетті.

Жедел іс-шаралар барысында жедел құтқару жасағының күшімен 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Бұған дейін Петропавлда 82 жастағы кейуана өз пәтерінде қамалып қалғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: