"Тайғанақтап жүре алмай жатыр". Алматыда 10 балдық көлік кептелісі тіркелді
Сурет: pixabay
Алматы әкімдігі кешке таман қаладағы 80 шыршаның шамын бір мезетте жағумен әуре болып жүргенде, ал мына жақта, көшелерде аласапыран орнауда. Қалың түскен қар салдарынан ұзын-сонар көлік кептелісі орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Яндекс карты" сайтының мәліметінше, мегаполистегі кептеліс деңгейі 10 балл деп бағаланады.
Сурет: Zakon.kz
Сондай-ақ, Алматы әуежайы да күрделі метеожағдайға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты.
Бұған дейін синоптиктер еліміздегі үш қалада алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамдарымен бөліскен еді. Оған сәйкес, алдағы үш күнде де, яғни 21-23 желтоқсанда Алматыда қар жауады деп күтіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript