Қазақстаннан Өзбекстанға заңсыз дәрі тасымалдау тыйылар емес

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, цены на лекарства, медикаменты , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2024 12:35 Фото: Zakon.kz
Қазақстаннан Өзбек еліне заңсыз дәрі тасымалдау тыйылар емес. Шекарада құрамында есірткі заты бар препараттарды сәбидің киіміне жасырып алып өтпек болған әйел ұсталды.

Кеденшілер Гишткуприк бекетінен бала көтеріп өтіп бара жатқан әйелдің заңсыз әрекетін анықтады.

Тексеру кезінде 9 айлық нәрестенің киімінің арасынан "Анаферон" препаратының 32 данасы табылды. Кеден комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті мұндай әрекетке екінші рет барып отыр.

Осыдан тура бір ай бұрын "Авамис" деп аталатын дәрінің 21 данасын жасырын алып өтпек болғанда тоқтатылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ол кезде де дәрілер бала киімінің арасынан табылып, әйел әкімшілік жазамен құтылған еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: