Қолайсыз ауа райына байланысты БҚО-дағы жолдардың бір бөлігі жабылды
Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында 23 желтоқсанда сағат 21:30-дан бастап республикалық жолдың бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, көліктің барлық түрінің қозғалысына "Өнеге-Бисен-Сайқын" республикалық тас жолының 31-103 шақырым, яғни Бисен ауылы - Сайқын ауылы аралығында шектеу қойылады. Бұған өңірдегі ауа райының күрт бұзылуы түрткі екені нақтыланады.
Жолды 2024 жылғы 24 желтоқсан сағат 06:00 ашу жоспарланып отыр.
Бұған дейін Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдарды тазалауға 146-дан астам техника тартылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript