Қызының мәйітін сөмкеден тапқан ана жағдайдың жай-жапсарын баяндап берді

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиция, уголовное дело, заявление в полицию , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2024 09:13 Фото: polisia.kz
Алматыда қызының мәйітін скотчпен оратылған күйі сөмкеден тапқан ана тергеушілердің әрекетіне наразы. Оның айтуынша, 39 жастағы қызын бір емес, бірнеше адам азаптап өлтірген. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Ол КТК-ға берген сұхбатында қызының денесінің сау-тамтығы жоқ екенін айтады. Сондай-ақ, күдікті азаматты бұрын-соңды көрмегенін, қызының ол адаммен таныс болмағанын да атап өтті.

"Бұл жалғыз емес деп ойлаймын. Бір адам істеген жоқ. Тістен дым жоқ. Көзі жоқ, ашылмайды. Өз еркімен кірген депті, білмеймін ғой. Сол кіргенде де, анадай етіп өлтіре ме?! Ол жерде отырып сыра іштік депті, 15 минут душка кіріп кетсем, осындай өлі жатыр депті. Үш қызына анасын қайдан тауып беремін",- дейді қайғыдан қан жұтып отырған ана.

Сондай-ақ, әйелдің мәйітін алғаш тексерген кезде мамандар оның денесінен ешқандай зорлық-зомбылық белгілерін анықтамаған көрінеді. Бұл жайт ананың тергеушілерге деген наразылығын ашықтан-ашық жеткізуге себеп болып отыр.

39 жастағы марқұм Түрксіб ауданындағы дәмханалардың бірінде істеген. Күдікті азаматпен оның қалай танысқаны белгісіз.

Еске салсақ, бұл жантүршігерлік оқиға осыдан екі апта бұрын болған. Көпқабатты үйлердің арасында әйелдің денесі салынған сөмке бірнеше күн бойы тұрған. Оны маңайды жуып тазалайтын әйел алғашқылардың бірі болып көріп полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары көпке ұзатпай күдіктіні қамады. Бірақ тергеу құпиялығына байланысты басқа ақпаратты жарияламай отыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: