Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кеменің ішінде Қазақстан азаматтары да болған

Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кемесінің ішінде Қазақстан азаматтары да бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 13:26 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігі
Ақтауға маңында құлаған ұшақтың бортында қай елдердің азаматтары болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігінің дерегіне сүйенсек, бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.

Ұшақта жалпы саны 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

Бұған дейін Ақтау маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиға орнына ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Сондай-ақ, жолаушылардың тізімі жарияланды. Дәл қазіргі сәтте аман қалған 25 адамның 22-сі ауруханаға жеткізілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: