ТЖМ деректерді жаңартты: құлаған ұшақ бортында 69 адам болған

ТЖМ деректерді жаңартты, құлаған ұшақ бортында 69 адам болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 14:37 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігі
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың бортында нақтыланған мәліметтер бойынша 69 адам болған, оның бесеуі экипаж мүшелері. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін әуе кемесі ішінде 67 адам болған деп хабарланған.

Жаңартылған ақпаратты Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков берді.

Бұған дейін Ақтау маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: