Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Айта кетейік, Әлиев жаңа жыл алдындағы Санкт-Петербургте өтетін ТМД елдері басшыларының дәстүрлі бейресми саммитіне қатысуы тиіс болған. Алайда апат орнауына байланысты Ресейден дереу еліне ұшып кеткен.
Кейін апатқа ұшыраған ұшақтағы жолаушылардың қазасына байланысты көңіл айтты.
2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау әуежайының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Оқиғаға дейін ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Ұшақта Қазақстан азаматтары болған.
Сондай-ақ Қазақстанда ұшақ апатының себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына Премьер-Министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, Төтенше жағдайлар, Көлік, Сыртқы істер, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кіреді.