Шымкентте жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, участок, участки, территория, территории, земельная доля, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 15:53 Фото: pexels
Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз табысталған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

Жергілікті атқарушы орган заң талаптарын бұза отырып, жерді пайдалану мерзімін заңсыз ұзартқан.

Сондай-ақ жосықсыз тұлғалардың жалған құжаттар негізінде жерді заңдастыру фактілері анықталды.

Жалпы алғанда, 2024 жылдың басынан бері қадағалау актілерін қарау нәтижесінде кадастрлық құны 747 млн теңгеден асатын жалпы алаңы 158,6 га құрайтын жер мемлекетке қайтарылды, олар заңды экономикалық айналымға тартылатын болады.

Бұзушылықтарға жол бергені үшін 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: