Президент сегізінші сайланған парламенттің бірінші сессиясын шақырды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.
Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етті:
сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақыру.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript