Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаева Дариға

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда туған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Ғылыми атақтары мен дәрежелері: тарих ғылымдарының кандидаты, саясат ғылымдарының докторы, ҚР Журналистика академиясының академигі, Халықаралық телерадио академиясының академигі, «Еуразия» халықаралық экономикалық академиясының корреспондент-мүшесі. Дариға Назарбаева еңбек жолын «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті болып бастады. «Қазақстан телерадиосы» республикалық корпорациясының вице-президенті – «Хабар» Ұлттық телехабар агенттігінің директоры болды. Одан кейін «Хабар» агенттігі» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарды. Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті төменгі палатасының вице-спикері, Nur Otan фракциясының жетекшісі болып сайланды. Ол сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті жоғарғы палатасының төрағасы болды. 2021 жылдың қаңтарынан бері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі. Nur Otan Саяси кеңесі бюросының мүшесі.

Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: