Алматы облысының экс-әкімі Қанат Бозымбаев желіде жазба жариялады

Кадрлық өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2022 11:27 Сурет: akorda.kz
Оның орнын Марат Сұлтанғазиев басқан еді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды, делінген Ақорда жариялаған ҚР Президентінің Жарлығында.

Осыған байланысты Қанат Бозымбаев Твиттердегі парақшасында жазба жариялады.

Құрметті Алматы және Жетісу облысының тұрғындары! Сіздермен бірге жұмыс істегенімді зор мәртебе санаймын. Баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын. Бірліктеріңіз ажырамасын. Қай жерде, қай қызметте жүрсем де ата-бабамның туған жеріне қолымнан келгенше көмегімді аямаймын. Қанат Бозымбаев

Айта кетсек, жаңа ғана Президенттің Алматы облысы әкімін тағайындауы туралы Жарлығы жария етілді. Бұл лауазымға осы өңірдің тумасы, алдында Қаржы вице-министрі болған Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев келді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: