Мәдениет және спорт министрі президентке кітап шығару саласындағы жағдай туралы баяндады

Президент пен Дәурен Абаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2022 14:50 Сурет: akorda.kz
Президент Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа министр өзі жетекшілік ететін барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәурен Абаев мемлекет басшысына азаматтардың жекелеген санаттарының кірісін арттыру шарасы туралы айтты. Атап айтқанда биыл мәдениет, өнер және спорт мекемелері қызметкерлерінің жалақысы өскен. Министрлік мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты жалғастырады.

Мәдениет және спорт министрі кітап шығару саласындағы жағдай туралы баяндады. Қазір негізгі күш баспа өнімдерінің, соның ішінде балалар әдебиетінің бәсекеге қабілетін арттыруға, сонымен қатар жазушыларды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар Президентке мұрағат қоймаларын жаңғырту мен цифрландыру жайы айтылды. Қазақстандық спортшылардың халықаралық ірі жарыстарға, 2024 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі де жеке қарастырылды.

Мемлекет басшысы министрлікке бұқаралық және балалар спортын дамыту, ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттау жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаев туристік инфрақұрылымды дамыту мен шетелдік инвесторларды тарту және бірлескен туристік жобаларды іске қосу үшін қажетті жағдай жасаудың маңызды екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: