Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады

Президент жолдауы, қаңтар оқиғасы, рақымшылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2022 12:04 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент "заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отырғанын" айта келіп, оларға рақымшылық жасалатынын мәлім етті.

Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым.Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда президент бүлікті ұйымдастырғандар мен мемлекетке сатқындық жасағандар бұл рақымшылыққа ілінбейтінін баса айтты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: