Ресми түрде: Тоқаев сайлауда 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 11:28 Сурет: akorda.kz
ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров ведомство отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан президенті сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрлан Әбдіров хаттамалардың түпнұсқасы барлық облыстардан ОСК-ға жеткізілгенін айтты.

Жалпы оның айтуынша, 8,3 миллионнан астам адам немесе сайлаушылардың 69,44 пайызы дауыс берген.

Дауыстар келесідей бөлінді:

  • Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 81,31 пайызы дауыс берді.

  • Қарақат Әбденге сайлаушылардың 2,6 пайызы дауыс берді.

  • Нұрлан Әуесбаев сайлаушылардың 2,22 пайызы дауыс берді.

  • Жигули Дайрабаев сайлаушылардың 3,42 пайызы дауыс берді.

  • Мейрам Қажыкен сайлаушылардың 2,53 пайызы дауыс берді.

  • Салтанат Тұрсынбекова сайлаушылардың 2,12 пайызы дауыс берді.

  • «Барлығына қарсы» деген бағанды ​​сайлаушылардың 5,8 пайызы таңдаған.

Еске салайық, 20 қарашада ОСК мәліметінше, 8,3 миллион қазақстандық өз дауыс беру құқығын пайдаланған. Қазақстанда сайлаушылар тізіміне 11,9 миллионнан астам адам енгізілген.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: