Тоқаев 26 қарашада Сенат депутаттарының сайлауы туралы Жарлыққа қол қояды

Жарлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2022 11:33 Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада ҚР Парламенті Сенатының депутаттары сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қояды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімі кезінде мәлімдеді.

"Мемлекеттік құрылыста біз "күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" формуласын нақты ұстанамыз. Президент сайлауы биліктің барлық негізгі институтын дәйекті түрде жаңғырту үдерісін бастауға жол ашты. Сайлау ауқымды электоралды циклдің бастапқы кезеңі болды". Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, саяси жаңғыру үдерісі жоспарлы түрде жалғастырылады.

"Бүгін мен "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы" Жарлыққа қол қоямын. Осылайша, жоғарғы палата депутаттарының кезекті сайлауы конституциялық реформаны нақты жүзеге асырудың жалғасы болмақ. Сайлау қорытындысы бойынша Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады. Бұдан бөлек, бүгін мен конституциялық реформаны жүзеге асырудың келесі сатысы ретінде "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қоямын. Келесі кезең – оны толыққанды трансформациялау. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: