Қазақстанда сұйытылған газдың шекара асуына шектеу тағы біраз уақытқа ұзартылды
Фото: kmg.kz
Энергетика министрі 2024 жылғы 8 қарашадағы "сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта:
Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге автомобиль және теміржол көлігімен сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды әкетуге тыйым салу енгізілсін.
Келесі жағдайларда тыйым қолданылмайды:
- өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Салық Кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие ҚР Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуі;
- Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды ҚР халықаралық шарттары негізінде әкету;
- ҚР шегінен тыс басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдар;
- ҚР Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетіледі.
Бұйрық 2024 жылғы 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript