Қостанай облысында жедел жәрдем көлігі науқасқа жете алмады

Закрытая трасса, закрыто, стоп, снег, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога, дорога закрыта, заносы, занос , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2024 10:29 Фото: pexels
2024 жылғы 24 желтоқсанда Арқалық қаласының Ковыльный ауылынан 25 шақырым жерде, республикалық маңызы бар "Жезқазған-Петропавл" автожолының учаскесінде жедел жәрдем көлігі науқасқа жете алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ дерегінше, оқиға жолсыздықтан болған. Дәрігерлер 1980 жылы туған ер адамға жете алмағандықтан, көмекке құтқарушлылар келді. Шақыруды алған соң олар тез арада арнайы техникамен оқиға орнына шықты.

Құтқарушылар қар құрсауында қалған жолдың бөлігін жүріп өтіп, дәрігерді жедел медициналық көмекке мұқтаж адамға жеткізді. Содан кейін зардап шегушіні жолдың жүру бөлігінде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді.

"Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында зардап шегушіге дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілді",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: