Ел басшылығы дұрыс жолмен келе жатыр ма?

Қытай билігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2021 09:48 Сурет: olympic.kz
Авторитарлы режимдер Олимпиада өткізу арқылы халықты өз идеологиясының дұрыстығына сендіреді

4-20 ақпанда Бейжіңде қысқы Олимпиада өткелі отырғаны белгілі. Осы Олимпиадаға АҚШ үкіметі дипломатиялық бойкот жариялап, оны Конгресі қолдады.

Дипломатиялық бойкот деген не? Бұл сол Олимпиадаға бойкот жариялаған елдердің ресми өкілдері, делегациясы бармайды деген сөз. Мысалы, Бейжіңдегі Олимпиадаға АҚШ-тан арнайы делегация, жаттықтырушылар штабы, спорт функционерлері, басқа да ресми өкілдер бармайды. Ал жекелеген спортшылардың өз қаражаттарына баруына қарсылық жоқ, өйткені олар төрт жыл бойы дайындалды, сондықтан еңбектері еш кетпегендері дұрыс. Яғни адам құқы сақталады. сарапшы Қуаныш Еділхантегінің жазбасынан

Бұған Қытай басшылығы ерін бауырына алып тулап-ақ жатыр. Олар, әрине, АҚШ-тың осылай жасарын әуел бастан-ақ сезген, енді олар осы бойкот жаппай сипат алып кете ме деп қорқады.

Авторитарлы режимдердің ең бір елеулі, халықты жаппай өз идеологиясының дұрыстығына сендіретін көрнекті шараларының бірі – осы Олимпиада ойындары. Енді сол шарасы жүзеге аспай қалса, ол сол ел басшылығы дұрыс жолмен келе жатыр ма, жоқ па деген жалпы халық арасында сұрақ туғызатыны анық. Міне, олар содан қорқады. Бүгін мәлім болғанындай, Вашингтоннан кейін бойкотты Аустралия, Канада, Ұлыбритания қолдап, олар да дипломатиялық бойкот жариялағаны белгілі болды. Кезек Еуроодақ елдерінде. Олар да жақын күндері бойкотқа қосылуы мүмкін. Осы бойкотты жариялатуда менің де еңбегім зор деп жүр Серікжан Біләш. Ол енді басқа тақырып. Бастысы – бойкоттың жарияланғаны. Қуаныш Еділхантегі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: