Мұхамедиұлының кінәсі дәлелденсе, Дәурен Абаев отставкаға кетуге дайын

Дәурен Абаев , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2022 13:35 Сурет: primeminister.kz
ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты күдік расталса, қызметінен кетуге дайын ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Егер бұл істер мен министр кезіәмде болған болса, мен отставкаға кетуге дайынмын. Оқиға нақты қаша болды? Бұл сұрақ Антикорға жолданады. Дәурен Абаев

Айта кетейік, Дәурен Абаев 11 қаңтарда ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған болатын. Бұл үкімет отставкаға кеткеннен кейінгі ең күтпеген тағайындау болды.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Әлем мұражайлары арқылы Алтын адамның шеруі халықаралық көрмені өткізуге бөлінген 146 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.

Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы қазір қамауда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: