Тәжікстан президенті Астанаға келді
Сурет: mvd.tj
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон алдағы күндері жоспарланған бірқатар ірі шараға қатысу үшін елімізге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аса мәртебелі қонақты елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Тәжікстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады деп жоспарланған.
Айта кетсек, 12-13 қазанда Астанада Қазақстанның төрағалығымен АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді.
Ауқымды саяси іс-шараға мүше мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттердің, бақылаушы ұйымдардың және серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылған. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript