Бағдат Мусин сайлау учаскесіне ұлымен бірге барды
Сурет: Facebook/Мусин Багдат
20 қарашада президент сайлауына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр әлеуметтік желідегі парақшаларына ұлымен және әйелімен түскен фотосын жариялады. Бағдат Мусин желідегі жазбасында таңы азаматтық борышын өтеуден басталғанын жазды.
"Бүгінгі таңымыз азаматтық борышымызды өтеуден басталды. Кішкентайымызбен бірге сайлау учаскесіне барып, еліміздің болашағы үшін өз дауысымызды бердік", - деді Бағдат Мусин.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript